Полицейді ұрған шығысқазақстандық үш жылға сотталды
Фото: egemen.kz
ШҚО-да таксидің жолақысын төлеуден бас тартып, жүргізушіні балағаттаған, артынан полиция қызметкеріне қол жұмсаған азамат сотталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл факті Риддерде орын алды. Жолақысын төлеуден бас тартқан мас жолаушыны түннің бір уағында такси жүргізушісі қалалық полиция бөлімшесіне алып келеді. Ер адам полиция бөлімшесінде де қоқан-лоққы көрсетіп, таксисті балағаттап, қорқытуын тоқтатпайды. Полиция қызметкерлері Риддер тұрғыны одан кейін өзін тәртіпке тәртіпке шақырған кезде ол заңды талаптарға бағынбай, өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастырып, инспектордың бетінен ұрып жіберген.