Полиция қызметкерін соққының астына алған тұрғын сотталды – ШҚО
Фото: smi24.kz
Тәртіп сақшысын соққыға жыққан Зайсан ауданының тұрығы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Зайсан аудандық полиция бөлімшесіне ауыл тұрғыны жүгініп, азаматтық жұбайының оған күш қолданып, қоқан-лоқы көрсеткені туралы арызданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкері жәбірленушінің үйіне барған. Алайда бұрын сотталған 29 жастағы азаматтық күйеуі қайтадан қамауға алады деп қорқып, күшпен қарсылық көрсете бастапты.
Учаскелік инспектордың денсаулығына орташа зиян келтірілді. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 5-бөлігі бойынша енгізілген көрінеді.