Таң ерте атады: ғалымдар уақыт белдеуіне қатысты пікірді жоққа шығарды
Фото: orda.kz
Ғалымдар ШҚО-да уақыт белдеуі өзгерген кезде таң ерте атады деген пікірді жоққа шығарды.
Сонымен қатар сарапшылар жаңа уақыт белдеуіне көшу денсаулыққа әсер етпейтінін және энергия шығындарын арттырмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«ШҚО-да түнгі сағат 2-де таң атады, ал күндізгі сағат 3-те қараңғы болады» деген пікір қаншалықты рас? Сарапшылардың айтуынша, бұл қате түсінік. Өздеріңіз білетіндей, ең ұзақ күн, шын мәнінде, жылына 1 рет 22 маусымға келеді. Мұны Google-дан да тексеруге болады. Дәл осы күні бүкіл елде таң ерте атады және күн жай батады.
Сағат тілін артқа шегерген күннің өзінде, бұл күні таң «түнгі 2-де» емес, 03-21-де атады. Павлодармен айырмашылық бар болғаны 10 минут, Талдықорғанмен – 39, Жаркентпен – 36, Аягөзбен – 18, Семеймен айырмашылық небәрі 7 минут. Бірақ бұл жылына 1 күн ғана.
Ал басқа күндерге тоқталатын болсақ, 1 мамырда сағат 04.06-да, 1 тамызда сағат 04.00-де, 1 қыркүйекте сағат 04.45-те таң атады, Бұл қалыпты уақыт.
Кейбіреулер «мұндай жағдайда балалар түнде оянады» дейді. Бұл да қате түсінік. Мәселен, 22 маусымда Өскеменде 4.21-де таң атады. Бірақ бұл барлық адамдар сағат 4.21-де оянады деген сөз емес.
Ал «күндізгі сағат 3-те күн батады» деген пікірге тоқталсақ, ол да шындыққа сәйкес келмейді.
Табиғат заңдылығы бойынша, 22 желтоқсан жылдың ең қысқа күні. Дәл осы күні күн ерте батады.
Яғни, 22 желтоқсанда, жылдың бір-ақ күні, 15.31-де қараңғы батады.
Ал өзге күндерге қарайтын болсақ, 1 қазанда күннің батуы сағат 17.08, 1 қарашада – 16.06, 24 ақпанда – 17.02-де.
Ал ғалымдардың пайымдауынша, қыста 80 миллион жыл бойы кешкі 18-ден кейін жер қараңғы болады. Табиғаттың заңы солай.
Сағатты шегеру адам денсаулығына кері әсерін тигізе ме?
Халық арасындағы тағы бір жаңсақ пікір - сағатты кері шегеру адамдардың денсаулығына, әсіресе созылмалы аурулармен ауыратындарға және үнемі дәрі-дәрмек қабылдайтындарға кері әсерін тигізеді-мыс.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс терапевті Михаил Бугайцовтың айтуынша, сағаттың ауысуы өңір тұрғындарының денсаулығына әсер етпейді.
«Мұнда медициналық тұрғыдан ешқандай тікелей байланыс жоқ. Созылмалы аурулары бар немесе оларға бейім адамдар дәрі-дәрмекті қабылдау режимін бұзбауы керек. Сонда оларға уақыт белдеуінің өзгеруі еш әсер етпейді. Бұл менің медициналық қызметкер ретіндегі пікірім. Қарапайым адам ретінде менің ойымша, қыста біз уақыттың ауысуын мүлдем сезбейміз. Ал жазда, біз күн ырғағымен өмір сүретіндіктен, сәл ертерек оянуға байланысты ағзамыз гормондар шығаруы мүмкін»,- деді Михаил Бугайцов.
Өз кезегінде қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрхожаев адамдардың көпшілігі уақыттың өзгеруі мәселесі шын мәнінде циркадты ритм механизміне қалай әсер ететінін толық түсінбегенін айтты.
Уақыттың өзгеруі электр энергиясы шығынын ұлғайта ма?
ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сарапшылардың бағалауы бойынша уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру электр энергиясын тұтыну деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді.
Сонымен қатар уақыттың ауысуы электр энергиясын тұтынудың ең жоғары мөлшеріне де әсер етпейді. Ол өзгеріссіз қалады.
Айжанат Бақытқызы