KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Ғалымдар жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғатын 8 белгіні атады

14.07.2019, 06:10 180

Ғалымдар жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғуы мүмкін белгілерді атады, деп хабарлайды JAMA Cardiology, деп хабарлайды Sputniknews сайты.

Мамандар Финляндияда 1998-2017 жылдары жүрек талмасынан көз жұмған 5 869 тұрғынның медициналық мәліметін зерделеген. Белгілі болғандай, 1322 адамның өлер алдында жүрек талмасы ұстапты. Алайда олар бұдан хабарсыз болғандықтан, дәрігерге жүгінбеген.

Ғалымдардың айтуынша, "үнсіз" жүрек талмасы жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғады. Көп жағдайда адамдар мұны сезбей қалады екен.

Осы орайда мамандар жүрек талмасына әкелетін белгілерді атады. Олар: жүректің айнуы, асқазандағы ауырлық сезімі, бұлшық еттің ауыруы, шектен тыс тершеңдік, бас айналу, аяқ-қолдың ұйып қалуы, үнемі шаршаңқы жүру, кеуде тұсындағы жайсыздық.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив