«Бақытты отбасымен» тағы кімдер баспаналы бола алады?
Фото: Валерий Шведов
Биылдан бастап бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандар да «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасымен баспанаға қол жеткізе алады.
Бағдарламаның шарттары бойынша несие екі пайыз жеңілдікпен 20 жылға беріледі, 10 пайыз көлеміндегі алдын ала төлем мемлекет тарапынан жабылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл жайында «Отбасы банк» облыстық филиалы директорының орынбасары Сәуле Көкенова көпбалалы және жалғызбасты аналар үшін тұрғын үйдің кезектілігі мен жекешелендіру мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысында айтты.
Оның айтуынша, басты шарты – несие алушы туыстарының несие тарихы дұрыс болуы керек және мойнында басқа несиелері болмауға тиіс.
Айна Ескенқызы