Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: smartik.ru
«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа-райын ұстап тұруды жалғастыруда. Алайда оңтүстік циклон әсерінен елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, жел соғады деп күтілуде; таулы аймақтарда қалың қар жауып, республиканың оңтүстік-шығысында аяз біртіндеп әлсірейді, - деп мәлімдеді метеорталық.
Сонымен қатар синоптиктер еліміздің бірнеше аймағында ауа температурасының төмендеуі күтілетінін атап өтті, олардың арасында шығыс өңірі де бар: түнде 32-45, күндіз 20-32 градус аяз.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз