Глубокое ауданында «Бауырсақ Party» өтті (видео)
Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің үшінші күні - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
Бұл күні Глубокое ауданында мерекелік акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кент тұрғындары мен қонақтары үшін Достық үйі мен Мәдениет үйінің қызметкерлері «Бауырсақ Party» акциясы аясында бауырсақтан дәм татқызды.
- Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы. Оны бүгінде әлем халықтары сүйсініп жейді. Сондықтан жерлестерімізге ыстық бауырсақ таратуды жөн көрдік, - дейді ұйымдастырушылар.
Әуезді әуен мен көңілді аниматорлар сенбі күнгі мерекенің көркін келтіре түсті.
- Бүгін азық-түлік алуға базарға келсем, нағыз мереке осында. Көктемнің келуі, Наурыз мерекесі биыл айрықша сезіледі. Ұйымдастырушыларға осындай көтеріңкі көңіл күй сыйлағандарына рахмет. Бауырсақтардың дәмі тіл үйіреді, - деді жергілікті тұрғындардың бірі Алмагүл Бодықова.
Акцияға жүзге жуық аудан тұрғыны қатысты.
Оқи отырыңыз