KZ
Өскемен
-1°
снег жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Шаңырақ күніне орай «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы таныстырылды - ШҚО

18.03.2024, 22:00 125 Қызырбек Дүргінбайұлы

Наурызнама онкүндігіне орай елімізде көптеген іс-шаралар легі өтіп жатыр. Қазақстан халқы 17 наурызда «Шаңырақ» күнін қарсы алып, бірқатар салт-дәстүрді жастарға дәріптеді.  
Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Кітапханадағы Қымызханада» оқырман қауыммен кездесу өткізіп, «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының таныстырылымын жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– «Шаңырақ күні» қарсаңында оқырмандар қазіргі таңда қолдан-қолға тимей оқылып жатқан «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабымен танысты. Өзбекәлі Жәнібек басшылық қызметте жүріп Қазақстан мәдениетін дамытуға ерекше еңбек сіңірген тұлға.  Отбасы хрестоматиясына айналған бұл кітап әр оқырманға рухани тірек. Кітап наурыз мерекесіне орай арнайы таңдалды. Себебі,  1988 жылы Қазақстан алғаш рет Наурыз мерекесін ресми атап өтті. Бұрын тыйым салынған мерекенің қайта тойлануына мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің  түрткі болғанын біреу білсе, біреу білмес. Міне, содан бері мерекеленетін наурыздың ұлттық рух пен қазақи құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіруде үлесі ұшан-теңіз, – дейді кітапхана қызметкері Паншат Кабдолова.

Сондай-ақ «Шаңырақ» күніне орай «Алтын шаңырақ» иелері, ұлағатты ұстаздар Бидельмановтар отбасы тәрбие, тәлім туралы өнегелі әңгіме айтып, жастарға батасын берді. Оқырмандар да өз өлеңдерін оқып, қазақ мәдениеті мен танымы туралы ойларын ортаға салды. Мейрамның маңыздылығы, этнографиядағы, тарихтағы, мәдениеттегі жауһарлары туралы ой бөліскен шара қонақтары тың ақпараттармен де қанығып қайтты.

Фото: ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив