KZ
Өскемен
+3°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да үш жүзге жуық адам қызылшамен ауырған

pexels.com

21.03.2024, 18:00 115 Назерке Каримова

Бүгінгі күні қызылшаның 261 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.

ШҚО СЭБД ақпаратынша, 2023 жылдың осы кезеңінде қызылшамен ауырған науқастар тіркелмеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

- Науқастардың басым бөлігі ересектер  49,4% немсе 129 жағдай, 92 жағдай  14 жасқа дейінгі балаларда және 40 жағдай жасөспірімдер арасынан тіркеліп отыр, - деп хабарлады ШҚО СЭБД баспасөз қызметі. - Сырқаттанушылық негізінен екпе алмағандар мен  вакцинация туралы бейхабар адамдар арасында тіркелді (79 адам).


Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға егпе салынады.

Желтоқсаннан бастап қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундауды (ҚЖИ) жүргізуді басталды.

Облыс бойынша 6 айдан 11 айға дейінгі 6960 бала екпе алуы керек болса, бүгінгі күні оның 3643-іне екпе жүргізілді; 2-4 жастағы екпеге жататын балалар саны – 24 700, ал егілгені 20294 бала; бір реттік екпе алғандар  5022, бұл екпе алуы керек 5 440 адамның 92,3%-ы.

- Өзіңізді және балаларыңызды осы инфекциядан вакцинация арқыла ғана қорғауға болады. Қызылшаға қарсы вакцина - бұл аурудан және ауыр асқынулардан жалғыз сенімді қорғаныс, - деп атап өтті ШҚО СЭБД басшысы Қанат Тұрдиев.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив