KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Денсаулық сақтау саласында заңсыздықтар анықталды – ШҚО

9.04.2024, 15:05 137 Ержан Әбіш

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шакенов мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі денсаулық сақтау саласындағы бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап отыр.

Мәселен, медициналық мекемелер тауар жеткізушілерден медициналық жабдықты уақтылы жеткізбегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етпеген. Атап айтсақ, Күршім аудандық ауруханасына 88,8 млн теңге тұратын маммографиялық цифрлық аппаратты мерзімінен 34 күн кешіктіріп жеткізген, алайда аурухана басшылығы 533 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндірмеген. Глубокое аудандық ауруханасына да 14,7 млн теңге тұратын өкпені жасанды желдету аппараты уақтылы жеткізілмеген, 882 мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмеген.

Тағы бір факт – демеуші Алтай ауданаралық ауруханасына көмек ретінде құны 9,6 млн теңге болатын биохимиялық анализаторлар жеткізген. Кейін аурухана мен демеуші арасында 43,3 млн теңгеге аталған медициналық жабдыққа қажет материалдарды жеткізу шарты жасалған.

Сондай-ақ медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіміне енбеген және елімізде пайдалануға болмайтын медициналық жабдықты теңгерімге қабылдау фактілері анықталып отыр.

– Анықталған фактілер бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін қызметтік тексерулер басталды. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында арнайы ұсынымдар дайындалып, құзырлы органдарға жолданды, – деп атап өтті Денис Шакенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив