KZ
Өскемен
-29°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
515.97 537.8 5.25

Сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс істеп тұр – Алтай ауданы

12.04.2024, 09:13 276 Ержан Әбіш

Алтай ауданында болған ШҚО әкімі Ермек Көшербаев карьерден суды соратын станцияның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметіның мәліметінше, бұрынғы кен орнындағы қалдық және артық суды шығарып отырған аталмыш станция 2010 жылы іске қосылған.

Айта кетсек, кен орнының жұмысы тоқтатылғаннан кейін карьерде су жиналып, шағын көл пайда болған. Жергілікті мекенге қауіп төнбес үшін су мөлшері қауіпті деңгейден асқан кезде сорғы станциясы іске қосылып, артық суды ағызып отырады.

Қазіргі су тасқыны кезеңінде қауіптің алдын алу үшін сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Одан бөлек жергілікті әкімдік бөгет салып, су өткізуші құбыр орнатқан. Сондай-ақ алдағы уақытта қосымша станция немесе су өткізуші жерасты канал салуды жоспарлап отыр.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу