«Таза Қазақстан»: Алтай қаласының орталық саябағы қоқыстан тазартылды
Алтай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, ол бес аптаға созылады, әр апта белгілі бір тақырыпқа арналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгін экологиялық акцияның «Киелі мекен» атты екінші аптасы басталды, ол тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруды көздейді.
Мемлекеттік қызметшілер, волонтерлер, технологиялық колледж оқушылары, жастар ресурстық орталығының мамандары, мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының еңбеккерлері Алтай қаласының орталық саябағын қоқыстан, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткішті қардан тазартты.
– Ауданымыздың барлық тұрғындарын акцияға қатысуға шақырамыз. Бірлесе отырып біз өз туған өлкемізді таза әрі әдемі ете аламыз, – дейді акцияға қатысушылар.
Оқи отырыңыз