KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.44 473.09 4.75

Риддерде оперетта театрының гастрольдері аншлагпен өтті

17.04.2024, 23:18 220 Нұржан Кенжеұлы

Риддерге облыс орталығынан театр труппасының келуі кеншілер қаласының тұрғындары үшін нағыз тосынсый болды деуге болады. Өскеменнен келген өнерпаздар жергілікті театр сүйер қауымға Иоганн Штраустың атақты «Жарғанат» опереттасын ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Өскемендегі дебюттік қойылымымыздан кейін труппамен облыс әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев кездесті. Труппаның сахналық шеберлігі мен көрермендердің көңіл-күйін көтеретін репертуарына жоғары бағасын берген аймақ басшысы «Сіздер міндетті түрде Риддерге барып қайту керексіздер. Сол жақтағы өнерсүйер қауымды бір қуантып қайтыңыздар», деп қолқа салған болатын. Облыс әкімінің тілегін ескерген біз сәрсенбі күні кеншілер шаһарына жол тарттық. Бұл күні Риддердің Мәдениет сарайы ішіндегі атмосфера шынымен де ерекше болды. Бір сөзбен айтқанда, қойылымнан өзіміз де ләззат алдық, – дейді облыс әкімі симфониялық оркестрінің жетекшісі, бас дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Александр Галсанов.

Уақыт сынынан өткен әйгілі туындыдағы басты партиялардың бірін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач орындағанын айту керек.

– Мәдениет сарайының залын лық толтырған көрермендердің ыстық ықыласы мен жылы лебізінен асқан сый жоқ біздерге. Бүгін де дәл солай болды. Ұзақ овация мен гүл шоқтары. Мұның бәрі көп күнгі еңбегіміздің өтеуі іспеттес, – дейді эмоцияларымен бөліскен Вячеслав Ткач.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған спектакль соңында сахнаға Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев шығып, облыс орталығынан ат арытып келген өнерпаздарға жерлестерінің алғысын білдірді.

– Барлық қала тұрғындарының атынан театр труппасына керемет өнерлері үшін шын жүректен алғыс айтамын. Мұндай шығармашылық кездесулер қала тұрғындары үшін аса маңызды. Өйткені, өнер, оның ішінде театр адамды рухани байытып қана қоймай, оған тың күш-жігер береді. Әрине, бұл ретте облыс әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаевтың үлесін айтпай кетпеске болмас. Аймақ басшысының бастамасымен бүгін Риддерде жергілікті халықтың есінде көпке дейін сақталатын ерекше өнер кеші өткізу мүмкін болды, – деді қала әкімі.

Осы орайда, Иоганн Штраустың «Жарғанат» опереттасына бірқатар еңбек сіңірген мәдениет қызметкері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысқанын айтқан жөн. Олардың ішінде Альмира Нұрғожина, Айжан Мазкенова, Жанат Бисимбаев, Арника Байбусынова, Ботагөз Жұмабекова, Абзал Ес, Абай Қайырбек пен «Алтай» би ансамблінің өнерпаздары да болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив