KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Жеңіс күніне орай ардагерлер 1,5 млн теңгеден алады

Фото: gov.kz

26.04.2024, 10:50 59 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылға ардагерлерді қолдау жөніндегі облыстық кешенді жоспар бекітілген.  

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жеңіс күнін мерекелеуге орай биыл 5 мыңнан астам ардагерге біржолғы төлемдер беру көзделген екен. Төлемдер 9 мамырға дейін жүргізіледі.

Облыста зейнеткерлік жасқа толған адамдар мен ардагерлер саны – 136 мыңнан асады, ал Ұлы Отан соғысына қатысқан және оларға теңестірілген ардагерлер – 5386.

- Мереке қарсаңында 14 ҰОС қатысушысы мен мүгедектеріне - 1,5 млн теңгеден, 362 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға  - 100 мың теңгеден, 5010 наградталмаған тыл еңбеккерлеріне - 50 мың теңгеден төлем қарастырылды, - деді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив