KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Кене шаққан 2397 адам ауруханаға жүгінген – ШҚО

Фото: depositphotos.com

11.06.2024, 22:36 113

Маусым айының басындағы жағдай бойынша, кене шаққан  2397  адам медициналық мекемеге жүгінген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 373-ке көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кенеден ең көп зардап шеккен өңірлер қатарында Өскемен, Риддер, Алтай ауданы, Шемонаиха, Глубокое және Катонқарағай аудандары бар.

- Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері Өскемен мен Риддерде кене энцефалитінің зертханалық расталған жағдайы тіркелген болатын. Олар стационарлық ем қабылдап, үйге шығарылды. Сондай-ақ кене боррелиозының үш жағдайы тіркеліп отыр. Барлық 3 жағдай ересектер арасында Өскемен қаласында тіркелді, - деп атап өтті ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, облыс бойынша Өскемен мен Риддер қалалары, Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха және Самар аудандары аумақтары кене энцефалитінің табиғи ошақтары болып табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив