KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

ШҚО полицейі зейнеткерге жоғалған әмиянын тауып берді

Фото: depositphotos.com

22.07.2024, 19:04 89 Ержан Әбіш

Зейнеткер әмиянының жоғалғанын бірден байқамаған. Полиция қызметкері Қуаныш Мәулетханов патрульдеу маршруты бағытында жүргенде жолда жатқан әмиянды көрген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айналасына қарап, ол біреудің оны жолда түсіріп алғанын түсінген.

Әмиянды тексерген тәртіп сақшысы қолма-қол ақша мен құжаттарды қарап, оның иесін анықтады.

77 жастағы Зоя Васильевна әмиянын жоғалтып алғанын бірден байқамаған және полиция қызметкерлері оның үйінің есігін қаққанда таң қалыпты.

Сол күні зейнеткер емханаға барған екен. Содан қайтар жолда абайсызда түсіріп алған. Қуанған әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, оларға амандық тіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив