XXII халықтық спорт ойындары: екінші күннің қорытындысы
Зайсан ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз мерекеге айналған XXII халықтық спорт ойындары жалғасуда. Кеше көкпар, аударыспақ, теңге ілу және бәйге сынды ұлттық спорт түрлерінен тартысты сайыстар өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аударыспақ бойынша Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар тоғыз салмақ дәрежесінде күресті. Шиеленісті жекпе-жектерден кейін қорытынды шығарылып, салтанатты түрде жеңімпаздарға грамоталар мен медальдар табысталды.
Аударыспақ аяқталғаннан кейін көрермендер назары бәйгеге ауды. Теңге ілу бойынша жарыстар да қызықты болды.
Спорттық іс-шара шетелдік қонақтардың да назарын аударды. Көрермендер арасында Қазақстан бойынша автокөлікпен саяхаттап жүрген аустриялық екі турист болды. Ойынға таңданған олар суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшаларына салыпты.
Алда жамбы атудан сайыстар өтеді, сондай-ақ көкпар жалғасады.