Биыл 63 құтқарушы арнайы оқытылды
Аймақтағы 74 орында су айдындарында шомылуға, ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге су алуға, мал суаруға болмайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ерік Тұрсынғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұдан бөлек, өңірдегі 29 аумақта шағын қайықтар мен басқа да су көліктеріне отыруға тыйым салынған. Бұл шешім облыстық мәслихатта қабылданған болатын.
Ерік Тұрсынғалиевтің айтуынша, су айдындарының түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Соған орай, облыс аумағындағы акваторияларды тексеру мақсатында 63 құтқарушы арнайы оқытылған.
Ажар Мұратқызы