KZ
Өскемен
+3°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Шемонайхада құтқарушылер қайғылы оқиғаның алдын алды

Фото: ШҚО ТЖД

18.09.2024, 16:21 89 Айжанат Бақытқызы

Шемонаиха ауданындағы Горький көшесінде  орналасқан тұрғын үй аумағындағы монша отқа оранды. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалпы аумағы 16 шаршы метрді құрайтын алаңдағы қызыл жалынды ауыздықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.


Белгілі болғандай, аталған мекенжайда 2013 және 2015 жылы дүниеге келген екі баласымен қалған жалғызбасты ана тұрады екен. Құтқарушылар тұрғын үйдегі пешті тексеріп, оның кем-кетік тұстарын жөндеп берді. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі үшін көмірқышқыл газының датчигін орнатты. 


     Естеріңізге сала кетейік, облыста өрт қауіпсіздігі айлығы басталған болатын. Соған орай,  құтқарушылар халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырып, жеке тұрғын үйлердегі пештерді қысқы кезеңге дайындауға көмектеседі.

                                                                                                                                                          Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив