Референдумнан өңіріміздің экобелсенділері де тыс қалмады
Елімізде атом электр станциясының құрылысына қатысты өтіп жатқан референдумнан өңіріміздің экобелсенділері де тыс қалмады. Дауыс беру учаскесіне келген "EcoJer" қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы" облыстық филиалының басшысы Елена Березинская-Абилова төмендегідей пікірін білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Атом электр станциясын салу жөніндегі референдумда дауыс берудің өте жоғары деңгейде өтіп жатқаны бұл қоғамның аталмыш мәселеге байыпты көзқарасын айғақтайды. Тұрғындардың белсенділік танытуы олардың өңірді және тұтастай алғанда елді дамытудың негізгі аспектілеріне қатысты шешімдер қабылдауға мүдделілігі мен дайындығының жарқын көрсеткіші болып табылатынын атап өткім келеді.
Шығысқазақстандықтардың референдумға көптеп қатысуы бұл тақырыптың әркім үшін маңызын әрі әр азаматтың болашақ үшін жауапкершілікті түсінетінін көрсетіп берді.
Әрбір дауыс берушінің пікірі маңызды екеніне сенімділік демократиялық принциптерді нығайтады және билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалогқа жағдай жасайды, - дед3 қоғам белсендісі.

Оқи отырыңыз