Егін жинау науқаны табысты аяқталды – ШҚО
Фото: pexels.com
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму жолында елеулі нәтижелерге қол жеткізуде. Жалпы егіс алқабының құрылымы, дақылдардың өнімділігі және жинау көлемдері аймақтағы аграрлық сектордың тұрақтылығын көрсетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекет тарапынан енгізілген жаңа бағдарламалар мен қолдау шаралары шаруалардың еңбек өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға мүмкіндік берді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша статистикалық деректерге сәйкес 2024 жылға арналған жалпы егіс алқабы 607,4 мың га құрады, оның ішінде:
- дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 254,2 мың га (үлесі – 41,9%, 2023 жылы – 44,2%), оның ішінде бидай 174,8 мың га;
- майлы дақылдар 222,9 мың га (үлесі – 36,7%, 2023 жылы – 34,1%), оның ішінде күнбағыс 200,8 мың га;
- жемшөп дақылдары 118,5 мың га (үлесі – 19,5%, 2023 жылы – 19,3%);
- картоп 7,8 мың га (үлесі – 1,6%, 2023 жылы – 1,6%);
- көкөністер мен қауындар 3,9 мың га (үлесі – 0,64%, 2023 жылы – 0,8%).
Жалпы облыс бойынша дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 19 ц/га (2023 жылы – 13,8 ц/га), майлы дақылдар 20 ц/га (2023 жылы – 16,9 ц/га), күнбағыс 19 ц/га (2023 жылы – 17 ц/га) болды.
Жалпы астық жинау көлемі 482,9 мың тонна немесе 2023 жылғы көрсеткішке 124% (2023 ж. – 387 мың тонна), майлы дақылдар 445,8 мың тонна немесе өткен жылғы деңгейге 125% (2023 ж. – 356 мың тонна).
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +5+13°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқыды, 3 градусқа дейін аяз болды, күндіз +18+27°С-тан +10+15°С-қа дейін болды. Жалпы, негізгі бөліктегі ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда төмен болды, ал жауын-шашын мөлшері барлық өңірлерде норма деңгейінде болды.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне және энергетика министрлігіне күзгі-дала жұмыстарына қосымша көлемге өтінім берілді.
Астық кептіру жұмыстарына 89 өтінім үшін 7,7 мың тонна бөлінді. Қыркүйек – 3 мың тонн, қазан – 4 мың тонна, қараша айларына – 770 тонна бөлінді, – деді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Анар Қажыбекова.
Облыс шаруашылықтарында 2000-нан артық астық жинайтын комбайн бар. Комбайнға орташа маусымдық жүктеме 500 гектардан аспайды, бұл егін жинау маусымына нормативтік жүктемеге сәйкес келеді.
Жаңа егін жинау үшін облыс шаруашылықтарында әртүрлі қуаттылықтағы 300 механикаландырылған ток, 83 кептіргіш (тәулігіне 58 мың тонна астықты кептіруді қамтамасыз етеді), сондай-ақ 5 лицензияланған элеватор (сақтау қуаты 322,7 мың тонна) бар. Барлық объектілердің жалпы сақтау қуаты – 739,3 мың тонна. Аталған көлемдерден басқа облыстың май және ұн тарту кәсіпорындарында шамамен 250 мың тонна сақтау орны бар. Ағымдағы жылдың 10 қыркүйектегі жағдай бойынша 5 лицензияланған элеваторда 145,3 мың тонна астық (45% жүктеме) сақтауда, оның ішінде «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ көлемі 10,1 мың тонна, басқа көлемі 135,2 мың тонна.
Астық қабылдау пункттеріне түсіп жатқан астық сапасы 47,3% – 3 класс, 44,1% – 4 класс, 8,6% – 5 классты құрайды.
2024 жылғы мамырда «Кен дала 2» несиелеу бағдарламасы іске қосылды, ол бойынша АШТӨ пайыздық мөлшерлемені қандай да бір субсидиясыз жылдық 5%-бен несиелер алды. ШҚО-ның 37 шаруа қожалығына осы бағдарлама бойынша 5,4 млрд теңге сомасында кредиттік қаражат берілді.
Осы бағдарламадан басқа «Аграрлық несие корпорациясы» ШҚФ арқылы өңірдің 114 АШТӨ үшін 5,3 млрд теңге несие берілді.
Нәтижесінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына облыс шаруашылықтары өткен жылмен салыстырғанда 47%-ға көп қаражат алды.
Мемлекет басшысының машина-трактор паркін жаңарту деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуды қаржыландыру бағдарламасын іске қосты.
Ағымдағы жылдың басынан бастап аймақтың шаруалары «ҚазАгроҚаржы» АҚ ШҚФ арқылы 8 млрд теңге сомасына 419 ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке алды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық.
Барлық қабылданған шаралар облыс фермерлеріне ағымдағы жылғы егінді уақтылы және шығынсыз жинауға мүмкіндік берді.
Аудандар мен қалалар әкімдері астық және майлы дақылдарды жинау және кептіру үшін бөлінген арзандатылған дизель отынын шаруалардың 100% сатып алу және жиналған егіннің сақталуын қамтамасыз ету арқылы егінді ысырапсыз, жинау науқанын уақытында өткізді.
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының аграрлық саласы қарқынды даму үстінде. Егіс алқабының құрылымы мен өнімділік көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін айғақтайды. Ауа райының қолайлы шарттары, жеңілдетілген дизель отынының бөлінуі, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, тыңайтқыштарды субсидиялау және қаржыландырудың жаңа бағдарламалары фермерлердің өнімділігін арттыруға ықпал етті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде егін жинау науқаны шығынсыз және уақытылы аяқталды. Бұл облыстың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына негіз қалайды.