ШҚО-да егде адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары күшейіп келеді
Фото: pexels.com
Шығыс Қазақстан облысы қарт адамдарды қолдау, олардың әл-ауқатын арттыру және қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін сақтау бағытында кешенді шаралар жүзеге асырып келеді. Облыстағы 139 443 зейнеткер түрлі әлеуметтік, медициналық және мәдени қызметтермен қамтамасыз етіліп, олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әлеуметтік қамқорлық пен ардагерлерге арналған қолдау шаралары мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті әкімдіктің бастамалары арқылы іске асырылып, ардагерлер мен егде жастағы адамдардың қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша барлығы 139 443 зейнеткерлік жастағы адам тұрады, оның ішінде 13-і – ҰОС ардагері, 18-і – ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адам, 270-сі – жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), 79-ы – наградтталған тыл еңбеккері, 4866-сы – награтталмаған тыл еңбеккері, 389-ы – Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адам, 1280-і – Ауғанстан және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан адам.
Өңірде жыл сайын Қарттар күніне орай қазаннан қарашаға дейін «Қайрымдылық айлығы» акциясы өткізіледі.
Қайырымдылық айлығы аясында 7411 қарт адамға және мүгедектігі бар адамға әлеуметтік көмек көрсетіліп, оның ішінде демеушілік қаражат шеңберінде отынмен, азық-түлік жиынтығымен қамтылған.
Сонымен қатар салтанатты іс-шаралар, ұзақ жасаған қарттар мен ҰОС ардагерлеріне сыйлықтар табыстаумен атаулы құттықтау, мерекелік-қайырымдылық түскі ас, жыл сайынғы скринингтік және профилактикалық медициналық тексерулер, қарттардың қатысуымен білім беру мекемелерінде тәрбие іс-шаралары мен кездесулер ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, облыста Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге, еңбек ардагерлеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге, Батыр аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға, ерекше қажеттіліктері бар 1, 2, 3 топтағы адамдарға қысқа мерзімді демалу және емдеу жағдайларын қамтамасыз ететін «Үбі» шипажайы қызмет көрсетуде.
«Үбі» шипажайы 250 төсек-орынға есептелген (Выдриха ауылында 200 орын, Усть-Таловка ауылында 50 орын).
Ағымдағы жылдың басынан бастап Шемонаиха ауданының Выдриха ауылындағы «Үбі» санаторийінде 3412 адам санаторий-курорттық ем алды.
Осы санаттағы адамдар үшін жағдай жасау мақсатында санаторийде жыл сайын ем алу сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2023 жылы мекеменің балшықпен емдеу бөлімшесіне 57,8 млн теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді. 39 млн теңге сомасына демалушыларға терренкур ұйымдастыру үшін саябақ аймағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Усть-Таловка кентінің корпусында 21 млн теңге сомасына инженерлік желілерді ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Бүгінгі таңда зейнеткерлік жастағы адамдардың физикалық және психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру үшін белсенді, мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтенуі өзекті болып отыр.
Қазіргі уақытта зейнеткерлік жастағы адамдарды әлеуметтік қолдау жүйесі қарттар үйінде әлеуметтік қызмет көрсету, үйде және жартылай стационарда қызмет көрсету болып табылады. Жалпы қамту 4 453 адамды құрайды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметі шеңберінде зейнеткерлік жастағы адамдар үшін қолжетімді нысандар саны скандинавиялық жүру, дойбы, шахмат, бильярд, вокал, қолөнер, волейбол, фитнес, караоке және т.б. спорт түрлері бойынша 284 бос уақыт өткізу секциясы бар 173 нысанды құрайды.
Зейнеткерлік жастағы 3784 адамды жалпы қамтумен 232 нұсқаушы тартылған, объектілер мына ведомсволарға қарайды: білім басқармасы – 42, дене шынықтыру және спорт басқармасы – 31, мәдениет басқармасы – 80, басқалары – 20.
Қазіргі уақытта белсенді ұзақ өмір сүру тұжырымдамасы шеңберінде Өскемен қаласында облыстық маңызы бар орталықты ашу мәселесі пысықталуда.
Сондай-ақ ардагерлер мен егде жастағы адамдарға Орталық бассейнге, Шәкәрім даңғылы, 1/2 бойындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі бассейнге бару үшін тегін абонементтер бөлінеді, ардагерлер үстел теннисі орталығында және Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде тегін спортпен айналысады. Облыстың басқа ведомстволық бағынысты мекемелерінде спортпен шұғылдану уақыты жұмыс күндері кешкі уақытта және демалыс күндері, сабақтан бос уақытта бөлінеді. Ардагерлер мен егде жастағы адамдардың иелігінде спорт залдары, жаттығу құрылғылары, стадиондар мен шаңғы трассалары бар. Бұл жеңілдіктерді 200-ден астам адам пайдаланады.
Өскемен қаласында халық арасында Тәуелсіздік күніне арналған скандинавиялық жүру фестивалі өткізіледі, сондай-ақ 2024 жылғы мамырда скандинавиялық жүру бойынша қала біріншілігі, марафон өткен.
Қалалар мен аудандарда егде жастағы адамдар арасында шахмат пен дойбы бойынша жарыстар, сондай-ақ облыстық чемпионаттар да тұрақты негізде өткізіледі. Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын облыс құрамасы құрылуда.
Шығыс Қазақстан облысы егде жастағы тұрғындарды қолдау және олардың өмір сапасын арттыру бойынша ауқымды шараларды іске асыруда. Әлеуметтік көмек көрсету, шипажай-курорттық емдеу, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу сияқты қызметтер облыстың егде тұрғындарының белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Белсенді ұзақ өмір сүру тұжырымдамасы шеңберінде жаңа бастамалар қолға алынып, олардың ауқымы кеңеюде. Бұл жұмыстардың барлығы қарт адамдардың қоғаммен тығыз байланысын сақтау мен олардың өмір сапасын жақсартуға зор үлес қосады.
Ержан Әбіш