Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл аясында жылына бір рет діни экстремизм қаупі және заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы SMS хабарламалар жіберіледі. SMS хабарламалар жылына бір мәрте жолданады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында енді Қазақстан азаматтарына діни экстремизм қаупі және мұндай әрекеттер үшін тағайындалатын жаза туралы SMS хабарламалар жолданатын болады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарламалар мәтінімен таныстырды.
Бірінші хабарлама:
"Қазақстан Республикасының аумағында мәліметтер мен материалдар, сол сияқты өзге де өнімдер бар масс-медиа өнімдерін дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны үшін діни алауыздықты қоздыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген",- делінген хабарламада.
Екінші хабарлама:
"Тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасағаны, қатысқаны, олардың қызметін қаржыландырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген",- делінген хабарламада.
Үшінші хабарлама.
"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген",- делінген хабарламада.