Шығыста геологиялық барлау жұмыстарына ерекше назар аударылуда
Шығыс Қазақстан облысында 2032 жылға дейін 40 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта 913 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев "Ертіс концерт" залындағы брифинг барысында мәлім етті.
Бүгінде 40 жобаның 10-ы қолға алынып, 46 млрд.теңге бөлінген. Осы инвестициялық жобалардың аясында 478 жұмыс орны ашылған.
Тарбағатай ауданында қуаттылығы жылына 25 млн тонна кен өндіруге қауқарлы мыс шығаратын тау-кен өндіру комбинаты салынып, 1000 жұмыс орны ашылмақ. Ал Ұлан ауданында литий өңдеутін тау-кен өнеркәсібі ашылып, оған 235 млрд теңге қарастырылмақ.
Айта кету керек, Шығыста геологиялық барлау жұмыстарына ерекше назар аударылуда.