Газ тартылса Шығыстағы экология мәселесін шешуде оң өзгерістер болмақ
"Ертіс концерт" залында өтіп жатқан көшпелі брифинг барысында ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа өңірді газдандыру туралы сұрақтар да қойылды. Бұл көршілес елдермен бірлесе жүзеге асырылатын ауқымды шешім болатыны сөзсіз, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Солтүстік және Шығыс өңірлерін газбен қамту жобалары көршілес елдермен бірлесе талқыланған болатын. Өскемен арқылы Қытайға баратын газ құбырлары салынуы мүмкін. Келешекте газдан көмірге көшу әсіресе экология мәселесін ескере қарасақ, өңір үшін аса өзекті шешім болмақ. Газ тартылса экологиялық ахуал да жақсарады деп отырмыз, - деді Ермек Беделбайұлы.
Оқи отырыңыз
Шығыс пен солтүстікті газдандыру: шешім қашан қабылданады?Өскеменде ЖЭО салу мәселесін талқыладыШығыс Қазақстанда аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың өңір дамуының жылдық қорытындысына арналған брифингі өтудеЗайсан ауданында рапс өңдейтін фабрика салынуы мүмкінШҚО тұрғындары экология мәселесін шешудің өз тәсілдерін ұсынды