KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Өскеменде ЖЭО салу мәселесін талқылады

13.01.2024, 10:43 183

Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік бойынша комитетінің көшпелі отырысын алдағы наурыз айында Өскеменде өткізу жоспарланып отыр. 

Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев пен Парламент Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғытовтың кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сондай-ақ кездесу барысында ШҚО-ның былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары тілге тиек етілді.
Алдағы кезеңдегі бірлескен жұмыс жоспарында – Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын республикалық бюджеттен қаржыландыру, оның ішінде Риддердегі қалалық аурухананың құрылысы және Өскеменде ЖЭО салу жұмыстары бар.
Ермек Көшербаев пен Шәкәрім Бұқтұғытов экологияны жақсарту және жер қойнауын пайдалану бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелерін де талқылады.
Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік бойынша комитетінің көшпелі отырысын Өскеменде өткізу туралы әңгіме қозғалды. Оны наурыз айында өткізу жоспарлануда. Отырыстың басты тақырыбы геологиялық барлау болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу