«Казцинк» әріптестерге арналған форум өткізді
Өскеменде «Корпоративтік мәдениет және бизнес-әдеп: сенімді серіктестіктің тұғыры» форумы өтті. Ол кен металлургия компаниясының іскер әріптестері мен мердігерлерін, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинады.
«Казцинк» іс-шараны осындай форматта бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. Форум тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңшаға айналды. Биылғы жылы оның қатысушылары комплаенс нормалары бизнестің тұрақтылығын қалай арттыратынын және ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас құруға көмектесетінін талқылады. Бұл әсіресе әлемдік нарықтардағы қиын жағдайда маңызды.
Жергілікті және халықаралық заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы, салық және әкімшілік стандарттарын қатаң сақтай отырып, компания өз серіктестеріне де осындай талаптар қояды. Форумда «Казцинк» өкілдері контрагенттердің сенімділігін тексеру рәсімі туралы баяндады. Бұл іскери әріптестермен сенімді қарым-қатынастың негізін құра отырып, әлеуетті қаржылық және беделдік тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеткізушінің Іскерлік әдеп кодексі таныстырылды, онда адал және ашық ынтымақтастық бойынша серіктестерге қойылатын негізгі талаптар тұжырымдалды.
Айта кетсек, «Казцинк» қазақстандық бизнеспен белсенді ынтымақтасады. Соңғы бес жылда 5 000-ға жуық жергілікті кәсіпорын 275 000-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, компанияның серіктесі атанды. Жыл сайын шамамен 14 000-ға жуық келісімшарт жасалады.