KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Өскеменде инвестициялық форум өтеді. Қандай бағыттар қарастырылады?

23.10.2019, 03:59 136

Өскеменде «Бизнеске арналған 50 нақты ұсыныс» атты инвестициялық форум өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шаһар шаруашылығын, атап айтқанда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шараны 30 қазан күні өткізу жоспарланған. Форумға республика көлеміндегі кәсіпкерлер шақырылды.

– Ел көлемінде жалпы саны 200 шақыру тараттық. Әзірше 30 кәсіпкерден нақты өтініші түсті. Олардың дені облыстағы бизнес өкілдері, – дейді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Мұқтарқанұлы.

Шараны ұйымдастырушы тараптың айтуынша, кәсіпкерлерден өтініш қабылдау жалғаса береді.  

– Негізінен осы уақытқа дейін форум туралы хабарда аймақтың түкпір-түкпіріне таратуға күш салдық. Алдағы апта ішінде республикаға жарнамалауды қолға аламыз. Өтініштер саны көбейетініне сенімдімін, – дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсынбет.

Форумда негізінен үш бағыт қарастырылады:

1.    «Ауылшаруашылық  және коммерциялық бағыттағы жер телімдері»

2.    «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары мен сенімді басқару»

3.    «Қаладағы индустриалдық аймақтарды дамыту»

Форумға қатысу туралы барлық сұрақтар бойынша 26-22-84 және 8 775 719 91 91 нөмерлеріне қоңырау шалуға болады.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив