ШҚО-да оқушы мектепте бомба қойылғаны туралы хабарлаған
12 жастағы жасөспірім өзінің досының телефонынан қоңырау шалып, мектепке бомба қойылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар қоңырау түскен соң мектепке шұғыл түрде жетті. Анықталғандай, бұл жалған хабар болып шықты. Бала кәмелеттік жасқа толмағандықтан, жауапкершілікке оның ата-анасы тартылатын болады.
Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарын ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те көзделгенін ескертеді. Баптың санкциясы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.