KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, СБ
502.47 525.83 5.68

Көшпелі қоғамдық қабылдау: ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері қаралды

Кеше, 12:00 195 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті. Кездесуде ауыл тұрғындары уақыт белдеуінің ауысуы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, сондай-ақ байланыс пен интернеттің сапасы сияқты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғын Ирина Сахарова интернеттің әлсіздігінен балалардың онлайн оқуға қатыса алмайтынын айтып, осы түйткілдің шешілуіне көмек сұрады.

Облыстық филиал төрағасы Сайрангүл Жұмаділова көтерілген барлық мәселенің партия бақылауында болатынын атап өтті. Әрбір сұрақ бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұраныстар жолданып, олардың шешілуіне ықпал ету жоспарланып отыр.

Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты органдарға ұсыныстар жіберіліп, кейбір мәселелерді жедел шешу үшін нақты тапсырмалар берілді. «AMANAT» партиясы халықтың талап-тілектерін назардан тыс қалдырмай, олардың шешімін табуға барынша атсалысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу