KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, В
498.69 522.23 5.79

ШҚО-да мемлекеттік тілдің мәртебесі талқыланды (видео)

Бүгін, 15:20 89 Серік Құсанбаев

Шығыс Қазақстан облысында «Мемлекеттік тіл – қоғамдық қатынаста» атты облыстық семинар өтті, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара барысында мемлекеттік тілдің күнделікті қызметтегі қолданысы, оның мәртебесін көтеру жолдары талқыланды. Семинарға сот, құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардың өкілдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

– Сот саласында шағым қай тілде түссе, біз сот процесін сол тілде қарауға міндеттіміз. Өкінішке қарай, қазіргі таңда сотқа түсетін шағымдардың небәрі 4%-ы ғана мемлекеттік тілде, – деді Төлеген Тұрғамбаев өз баяндамасында.

Жиында мемлекеттік тілдің беделін арттыру үшін өңірдегі басқармалар мен мемлекеттік мекемелерде жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды. Әсіресе, қазақ тілі аз қолданылатын аудандарда бұл мәселе өзекті болып отыр.

Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында бірқатар ұсыныстар берілді.

Фото: Нелли Петенева

Видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу