KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Мемлекеттік тіл мәселесін шешу - ортақ парыз

Фото: til.webp

27.09.2024, 17:07 452 Айжанат Бақытқызы

Бүгінгі күнде қоғамда қызу талқыланатын мәселенің бірі - тіл мәселесі. Тіл дегеніміз – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы, мемлекеттің  тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл ‑ мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі», деп айқын жазылған.

Аталған заңның 13-бабында Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылатыны көрсетілген.

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі - бұл халқымыздың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұрасы.  Ал, осы тілді жетік меңгеру – жас ұрпақтың елдігін, ұлттық қасиетін сақтап қалуының кепілі, тіліміздің  байлығы-ұлт мақтанышы.     

Қазақ тілі тек қазақ  халқының тілі емес, ол Қазақстанда  тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын әрбір азаматтардың тілі, ал мемлекеттік  тілдің мәртебесін көтеру, яғни тілді  дамыту, оның қолдану аясын  кеңейту –бәрімізге ортақ міндет деп санауымыз керек.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, оның мәртебесін арттыру сіз бен біздің қолымызда, бәрімізге ортақ парыз екенін естен шығармайық!  

                                                                                                                                                              Г.Шакирова,

                                                                                                                        Өскемен қаласының мамандандырылған

                                                                                                                        тергеу сотының бас маманы


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив