KZ
Өскемен
+1°
небольшой дождь жел 7 м/с, СБ
502.83 545.37 5.95

Зайсан ауданында Наурыз мерекесі қарсаңында 14 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Кеше, 16:30 65 Төлеуғазы Жансая

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Зайсан ауданының Айнабұлақ, Қаратал және Қарабұлақ ауылдық округтерінде көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы 14 отбасыға жаңа үйлердің кілттері табысталды.

Қаратал ауылында өткен салтанатты шараға Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы арнайы қатысып, 4 көпбалалы отбасыға жаңа үйлердің кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

— Әз-Наурыз – жақсылық пен жаңару мерекесі. Бүгін өз шаңырағына ие болып отырған отбасылардың қуанышы біз үшін де ерекше. Жаңа үйлеріңіз берекеге толы, құтты болсын, — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, Қайнар ауылында 2 көпбалалы отбасы, Қарабұлақ ауылында 8 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.

Зайсан ауданында халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылы аудан тұрғындары үшін 44 жаңа пәтер пайдалануға берілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 68-ге дейін артты. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасады.

Жаңа қоныс иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу