KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 5 м/с, З
502.83 545.37 5.95

Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік: Өскемен автобустарына жаңа бейнебақылау жүйесі енгізіледі (видео)

Кеше, 18:30 90 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде қоғамдық көліктерге орнатылған бейнебақылау камералары Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Шұғыл басқару орталығының жүйесіне қосылады. Тиісті тапсырманы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «ONAY!» халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуында берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала ішінде қатынайтын жаңа автобустарда қазірдің өзінде сегізден бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ мұндай бақылау жүйелері басқа қоғамдық көліктерде де бар.

– Камераларды Шұғыл басқару орталығының жүйесіне қосу құқық қорғау органдарына ақпаратты жедел жеткізуге, бұзақылық әрекеттерге шұғыл әрекет етуге және қоғамдық көліктегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Бұл жобаны жүзеге асыру жұмыстары жақын арада басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу