KZ
Өскемен
-30°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
518.39 603.09 6.68

Риддер – Өскемен арасындағы жаңа жол құрылысы басталады – ШҚО

1.09.2025, 17:15 216 Төлеуғазы Жансая


Риддер – Өскемен бағыты бойынша Тарханка ауылы арқылы өтетін балама жолдың құрылысы басталады. Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Риддер халқымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитовтың айтуынша, жобаны ҚР Көлік министрлігі мақұлдаған.

– «Биыл облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл қаржы жол құрылысын бастауға жеткілікті. Алдағы уақытта республикалық бюджеттен де қосымша қаржы бөлінеді деп күтілуде. Жол құрылысы шамамен 2 жылда аяқталады», – деді ол.

Жаңа жолдың маңызы ерекше. Өйткені ол Риддерге баратын жолды 43 шақырымға қысқартып, сапар уақытын шамамен 1 сағатқа азайтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу