KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Енді Қазақстанда 3 күн ішінде үйленуге болады – Абаев

15.01.2019, 05:38 257



Ақпарат және коммуникация министрлігі бірқатар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыратын заң жобасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы министр Дәурен Абаев мәлімдеді. Оның айтуынша, 43 заң мен 10 кодекс қарастырылып, 500-ден астам түзету енгізілуі мүмкін.


– Айталық, неке тіркеу бойынша жүргізілетін қызметтерді оңтайландыру керек. Ол арқылы еліміздегі неке қию мерзімін 1 айдан 3 күнге дейін қысқарта аламыз. Яғни Қазақстанда 3 күн ішінде үйленіп алуға болады, – деді Абаев.


– Сондай-ақ салық төлеушілер артық төлеген сомаларды автоматты түрде қайтару көзделеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бір ғана нормативтік актімен реттеуге мүмкіндік беретін түзетулер де қарастырылып отыр. Бұл жоба барлығы 3,5 мың стандарттар мен регламенттердің күшін жоюға бағытталатын болады, – деп түйді министр.  


 




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив