KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Бір тәулікте 465 адам қар құрсауынан құтқарылды

egemen.kz

31.12.2023, 18:30 705 Назерке Каримова

Өткен тәулікте ел бойынша қар құрсауында қалып қойған 465 адамға көмек көрсетілді.

Оның 36-сы бала, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жолаушыларды кемпингтер мен елді мекендерге жеткізді. Соның ішінде 400-ге жуық адам Қарағанды облысында құтқарылған.

Қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы күре жолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Трассаларды тазартуға 750 адам мен 450 техника жұмылдырылған. Мамандар тұрғындардан уақытша алыс жолға шықпай, хабарландыруларды бақылап отыруды сұрайды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив