KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
471.83 505.66 5.4

Мереке қарсаңында қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі - ШҚО полициясы

23.12.2020, 13:53 198

Бұл туралы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Талгат Нуриев мәлімдеді.

Сонымен қатар басқарма бастығы төртінші тоқсанда атқарылған шаралармен бөлісіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

«2020 жылғы 26 қазаннан бастап облыста коронавирустық инфекция ошағын оқшаулау орталығы жұмыс істейді, онда 15 полиция қызметкері, екі ауысымдық режимде облыс бойынша 516 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. (Өскемен қаласы - 126, Семей - 90, аудандар - 300). Негізгі міндет - науқастардың орналасқан жерін және олармен байланыста болған адамдарды анықтау және тұрғылықты жері бойынша уақтылы оқшаулау. Бұдан басқа, полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті 479 алаңда (Өскемен қаласы - 200, Семей қаласы - 202, аудандар - 77) күзетуді және бақылауды жүзеге асырады. Оған 1242 полиция қызметкері мен ҚР ҰҰ әскери қызметшілері жұмылдырылған (ДП - 797, ҰҰ - 445). Облыстың шекаралас аудандарында (басқа облыстармен және РФ-мен) және облыс орталығының периметрі бойынша 24 санитарлық бекет жұмыс істейді (Өскемен қаласы - 7, аудандар - 17), оларға 116 полиция қызметкері жұмылдырылған. Облыс бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс - шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 19 қала мен аудан (ПД, СЭС, кәсіпкерлер палатасы және жұртшылық) бойынша 166 мобильді мониторингтік топ (бұдан әрі - ММГ) құрылды. Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында (01.10.2020 ж. бастап) тексерумен 8 047 объект қамтылды. Карантиндік шараларды бұзған 1 563 объект анықталды, оның ішінде 573 қоғамдық көлікті тексеру бойынша рейдтік іс-шара, оның барысында 1 019 автобус тексерілді, 52 бұзушылық анықталды. ММГ рейдтерінің нәтижелері бойынша 2020 жылғы 18 тамыз бен 20 желтоқсан аралығында 9 424 объект тексерумен қамтылды, 4 221 рейдтік іс-шара өткізілді, карантиндік шараларды бұзған 1690 объект анықталды, Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 1 689 материал жіберілді», - дейді Талгат Нуриев.

Эфир соңында жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыт пандемия кезеңінде алдыңғы шепте дәрігерлермен бірге еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, күрделі кезеңнен еліміздің аман-есен өтуіне тілектестігін білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив