KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, С
521.81 543.67 5.05

Тіл тағдыры ел тағдырымен біртұтас

Фото: ortalyq.kz

30.07.2024, 11:58 293 Анель Слямғазықызы

Тіл – халықтың басты қарым-қатынас құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадыр Мырза атамыздың нақылындағыдай, тілсіз халық түгіл жеке тұлға өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті – қоршаған ортамен байланыс болса, бұл байланысты қамтамасыз ететін басты элемент – тіл.

Тіл тағдыры ел тағдырымен біртұтас болғандықтан, тілдің мәңгі жасауы халықтың ұлттық құндылықтарын жоғарғы дәрежеде дәріптеуімен сипатталады. Жер жүзінде  6000-нан астам тіл болса, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік статусы бар, сонымен қатар, «мемлекеттік тіл» мәртебесіне ие болғанымен, статусына сәйкес құрметке ие бола алмай келе жатқан тілдер  де бар.  Қасиетті тіліміздің жоспарлы саяси даму, халқымыздың тілдік құқығын қорғау бастамасы, көркем әдебиет пен ісқағаз тілін қалыптастыру жұмыстары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов сынды зиялыларымыздың ерен еңбегінен бастау алған. Заман қысымына орай, ұлт болашағы бұлыңғыр тартқан шақта, ұлттық тіліміздің тағдырын шешуде зиялыларымыз ұсынған жол айрықша болды.

Ұлттық тілді құрметтеу әрбір қазақ орындауға тиіс маңызды міндет. Ал Қазақстан азаматтары құрметтеуге тиіс ұлттық тіл- қазақ тілі. Тіліміз «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» статусын 1989 жылы 22 қыркүйекте иеленді сонымен қатар осы жылы « Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңы қабылданды. 1995 жыл 30 тамыздағы референдумда қабылданған жаңа конституцияның 7-бабында ұлттық тілімізге байланысты «мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтыны» және « Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» делінген. Еліміздің барша азаматтарына мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне материалдық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасалған.

Алайда қазіргі таңдағы өз ана тіліміздің күннен күнге қолданыстан азайып жатқандығын байқауымызға болады. Өз жерінде, өз елінде тұрса да ана тілінде сөйлеуге ұялатын жастарымыз қоғамда аз емес.  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген мақалдың қаншалықты дұрыс айтылғанын  көреміз.                                                                                                                 Қазақ тілінің мәртебесін көтеретін бір неше бағытты бар. Соның бірі мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілді мамандарға басымдық беру. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшінің халық алдында абыройын арттыратыны сөзсіз. Ана тілімізді қолданысын арттыру үшін түрлі жобаларды ұсыну, тіл жөніндегі заңдар бөлімін қайта ойластыру қажет.                                                                                                    Жұмысқа тұрарда, маман іздерде қазақ тілін жетік меңгеруін талап ету. Қазақ тілін мықты біліп, орыс, ағылшын тілдерін қосалқы тіл үшін қолдануды міндеттеу.

Қорытындылай келсек, бүгінгі таңдағы қазақ тілінің жағдайы өзгерет деп сенемін. Бәрі өз қолымызда. Еліміздің болашағына мән берсек, тіліміздің құзыреттілігін сақтап қалуға тырысайық. Өз тілімізді құрметтейік!!!

 

Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің бас маманы Омарова А.К.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу