Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту
Фото: pexels.com
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен ҚР мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген. Осы Тұжырымдамада мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың негізгі қағидаттарының бірі болып проактивті, түпкілікті нәтижеге бағдарланған, бюрократиядан арылған мінез-құлық үлгісінде көрініс тапқан мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру деп айқындалған.
Әрине, мемлекеттік мекемелердің қоғам алдындағы жауапкершілігі, жоғары тұрған деңгейге немесе алқалы органдарға есеп беруі, бақылау шаралары әрдайым өзекті болып қала береді. Бірақ, өз кезегінде негізсіз,бюрократиялық белгілері бар талаптарды, есептілік пен бақылау түрлерін енгізуге жол бермеу, яғни атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмау; құжат айналымы мен есептілікті қысқарту; шешім қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру және басшылардың дербестігі мен дербес жауапкершілігін күшейту – бюрократиядан арылту жөніндегі шаралардың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, бюрократиялық проблемаларға – негізсіз шығындар; қайталанатын функциялар, өкілеттіктер мен міндеттер; сондай-ақ негізсіз бас тартуға, мерзімдерді кешіктіруге, артық құжаттарды талап етуге және тағыда басқа талаптарға әкелетін құқықтық актілердің, ақпараттық жүйелер мен басқа да ресурстардың кемшіліктері жатқызылуы мүмкін.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау, қаржы, сауда, ауыл шаруашылығы, экология, табиғи ресурстар, көлік, өнеркәсіп және құрылыс, төтенше жағдайлар, энергетика, су ресурстары және ирригация салаларында – талдау жұмыстарын, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметін, ақпараттық жүйелерін; бизнес субъектілері тарапына қатысты рәсімдерді және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іс жүргізу заңнамасын; субсидиялар, несиелер беруге, сондай-ақ инвестициялар тартуға байланысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту мәселелері, статистикалық есептерді ұсыну кезіндегі бюрократия мен әуре-сарсаңның белгілері бойынша- мониторинг жұмыстарын жүргізген болатын.
Департаментпен талдау және мониторинг нысаны болып табылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметің, функцияларын, құжат айналымын, ақпараттық жүйелерін және басқа да ресурстарын зерделеу арқылы жүргізілген талдау аясында 242 ұсыныс, мониторинг аясында 109 ұсыныс әзірленіп, Агенттікке жолданды.
Өз кезегінде, мемлекетіміздің барлық өңірлерінен жолданған бюрократиялық проблемалар жөніндегі ұсыныстар Агенттік тарапынан іріктеліп, Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратына енгізіледі.
Барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ азаматтық сектор, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар атқарылып жатқан жұмыстарға өз үлесін қоса отырып, бұл мәселеге бүкіл қоғам болып жауапкершілікпен қарауымыз абзал болар еді. Себебі, мұндай өзгерістер Еліміздің көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселесінің шешілуіне тікелей ықпал ете алады. Бұл ретте, мемлекеттік органдардың қызметінде барынша тиімділікке қол жеткізу үшін бизнес-үдерістерді бюрократиядан арылта отырып, азаматтардан ең көп сұраныс бар рәсімдерді оңтайландыру міндеті алға қойылған. Яғни, бюрократиядан арылту тек мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетумен ғана шектелмей, оның оң нәтижесін бірінші кезекте еліміздің азаматтары өздерінің күнделікті өмірінде сезінуі тиіс.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Е.М. Айқымбеков