Министр Қалбатау-Көкпекті учаскесіндегі жұмыс қарқынын ілгерілетуді тапсырды
Фото: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы – Өскемен автожолының салынып жатқан учаскелеріне жұмылдырылған мердігерлермен көшпелі кеңес өткізді.
Министр өңірлерге жасаған жұмыс сапары барысында Алматы қаласынан Өскеменге дейінгі автожолдардың құрылысы мен жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бағамдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Яғни, Шамалған станциясын айналып өту, «Сарыөзек-Көктал», «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық», «Қалбатау-Майқапшағай» және басқа да республикалық маңызы бар автожолдар учаскелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын тексерді.
Марат Қарбаев учаскелердің мердігерлерімен үлкен жиын өткізіп, оның барысында барлық проблемалық мәселе егжей-тегжейлі қаралды, сондай-ақ жаңадан құрылған министрліктің алдағы кезеңге арналған жоспарлары мен талаптары айтылды.
Сондай-ақ ол белгіленген мерзімдерден артта қалған мердігерлер үшін жағдайды өз қолдарына алып, қалыптасқан проблемаларды түпкілікті белгілеу үшін Көлік министрлігімен бірлесіп шешуге соңғы мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Сондай-ақ Марат Қарабаев жол құрылысшыларын битумның қажетті көлемімен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешуге уәде берді. Қазақстанның автожол құрылысына қатысатын барлық отандық мердігер және шетелдік компаниялармен алдағы уақытта кездесу ұйымдастырылмақ.
Демалыс күндерін пайдаланып, Көлік министрі «Қалбатау-Көкпекті» жол учаскесінде кеңес өткізіп, бас мердігермен қалыптасқан жағдайды талқылады және жұмыс қарқынын ілгерілетуді тапсырды.