Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Фото: Zakon.kz
Үлкен қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459 – 464 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Kurs.kz дерегіне сүйенсек, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459– 464 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар құны 460,5 – 463,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 27 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 463,09 теңге.
Айта кетейік, 24 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,70 теңгеге қымбаттап 462,80 теңге болған еді.
Оқи отырыңыз