KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Ұлттық банк доллар бағамын белгіледі

Фото: egemen.kz

21.07.2023, 12:14 206

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443–447 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5– 447,5 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ал Алматыда доллар бағамы 443-447 теңге аралығында құбылып тұр.

Еліміздің өзге өңірлерінде 442,5-446 теңгеден саудаланып жатыр.

20 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,11 теңгеге қымбаттап, 443,98 теңге болған.

Ұлттық банктің 21 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 443,99 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу