Өрттен 90 адам эвакуацияланды – Өскемен
Өскеменде Көкжал Барақ көшесіндегі көпқабатты үйден өрт шықты.
Пәтерлердің бірінде қоқыс өртенген. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер 90 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 25 бала бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша, өртке 1991 жылғы пәтер иесі себепкер болған. Өртті сөндіруге барлығы 5 техника мен 14 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Осы ретте ШҚО ТЖ қызметі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Дәліздерде және тұрғын үйлердің кіреберіс алаңдарында қоқыстарды қоюға болмайды. Сондай-ақ пәтерде және балконда темекі шекпеген жөн.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.