Темекінің кесірінен тағы да өрт шықты – Риддер
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Темекі тұқылының кесірінен Риддер қаласындағы тағы бір тұрғын үйден өрт шықты.
Тәуелсіздік көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің балконы өртеніп кеткен. Түтін басқан үйден 6 тұрғын жедел эвакуациялады, оның ішінде бір бала бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша өрт сөндірілмеген темекінің кесірінен шығуы мүмкін.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 3 шаршы метр аумаққа шарпыған тілсіз жауды ауыздықтаған.
- Үйде темекі шекпеңіз, сөндірілген темекіні қағаздар мен басқа да жанғыш қалдықтары бар қоқыс жәшіктеріне тастауға болмайды. Ол қайта тұтануы мүмкін. Сіріңкенің, темекі қораптарын күл салғыш ретінде қолдануға болмайды. Тұрғындарға қауіспіздік талаптарын қатаң сақтау керектігін тағы ескертеміз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қараша күні облыс орталығында да сөндірілмеген темекі кесірінен өрт шығып, 5 адам эвакуацияланды.
Оқи отырыңыз