KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

Қандастар 79 елді мекенге квота бойынша қоныстана алады – ШҚО

1.02.2024, 12:00 76 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысына келген қандастардың өзекті мәселелері бойынша «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен «Достық» үйінде кездесу өтті. Жиынға  көшіп келген қандастар және олармен тікелей жұмыс істейтін басқарма қызметкерлері қатысты.

 

 

ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы биыл қандастар квота арқылы 79 өңірге қоныстана алатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

– Биыл қандастар Шығыс Қазақстан облысы бойынша 79 өңірге қоныстана алады. Биыл да қандастарға былтырғыдай көшіп келу ақысы және біржолғы 4 млн шамасындағы көмек ақша беріледі, – деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Әскерханқызы.

 

 

Жиын барысында қандастар 2024 жылғы квота алу, апостиль, легализация, азаматтық, ықтиярхат, нотариустың бағасы, аударма, бизнес грантын алу, көлік әкелу, тіркеу, жер алу, мал алу бойынша гранттар, бизнестік бағдарламалар, білім алу мен денсаулық саласы бойынша  сұрақтарға жауап алды.

 

 

Қызырбек Дүргінбайұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив