«Алматы – Өскемен» пойызында Алматы тұрғыны қыз босанды
Жас ана Жансая Көкенова жүктіліктің соңғы айында Алматыдан Өскеменге №352 пойызбен жолға шыққан. Екаша – Айыртау станциялары арасында жолаушының толғағы басталған. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, әйелді аман-есен босандырып алды. Қыз бала 7 ақпанда сағат 13:30-да дүниеге келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен станциясына келгеннен кейін қызды анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері тосып алды.
Жолсерік Бағдагүл Әбдәқұлова теміржолда 23 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бұл оқиға оның тәжірибесінде бірінші рет орын алып отыр. Пойыз жолсерігінің айтуынша, бәрі де өздігінен шешімін тапты.
Айта кету керек, соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 12 сәби дүниеге келді.