KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 4 м/с, СШ
474.83 515.38 5.5

«Торпедоның» бас бапкері қызметінен кетті

Фото: shaiba.kz

1.03.2024, 21:10 89 Нұржан Кенжеұлы

«Торпедоның» бас бапкері Александр Шахворостов қызметінен кетті. Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі хабарлайды.
Белгілі болғандай, бүгін «Торпедо» хоккей клубы мен А.Шахворостов екі жақты келісім бойынша әріптестікті тоқтатты. Бұған бірінші кезекте Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін өскемендік команданың биылғы жарысты тым ерте аяқтауы себеп болғандай.
Еске салайық, жүлделі орыннан үміткер саналған «Торпедо» 2023-24 жылдарғы 1хBet Pro hokei Ligasy плей-офф кезеңінің ширек финалынан ары аса алмай қалды. Жартылай финалдың жолдамасын «Ақтөбе» командасымен сарапқа салған «торпедолықтар» қарсыласынан 0:4 есебімен ойсырай жеңіліп қалған-ды.
Айта кетейік, Александр Шахворостов «Торпедо» тізгінін 2023 жылдың мамыр айында ұстаған болатын. Ол өскемендік команданың бас бапкері ретінде 54 ресми кездесу өткізіп үлгерді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив