KZ
Өскемен
+33°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
474.83 515.38 5.5

Алматыда жер сілкінді

Сурет: Zakon.kz

4.03.2024, 12:14 88 ALTAINEWS

Бүгін, 2024 жылдың 4 наурызында Алматыда тағы бір күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің күші 4 баллдан кем емес, деп хабарлайды деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

 

Алматылықтар қатты жер сілкінісін сағат 11:22-де сезінді.

 

4 наурыз күні сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі эпицентр туралы ақпаратты өңдеуде, баллы нақтыланады.

 

Өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді, полиция басқармасының жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру туралы ақпарат жинау үшін мәлімет берілді, мониторинг жүргізілуде.

«Алматыда бұл жолы сиреналар іске қосылды. Қалада жедел штаб жұмыс жүргізуде, деп хабарлады ТЖД.

 

                                                                       Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив