KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Өскеменде қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр

Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

14.03.2024, 11:11 55 Нұржан Кенжеұлы

Өскеменде қазақ күресінен тағы бір байрақты бәсеке өтуде.

Облыс орталығында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогы үшін ел чемпионаты басталды. Жарыс 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, біріншілікке «Шығыс», «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының, сондай-ақ, Ұлттық ұлан академиясы мен №6654, №5573 әскери бөлімдерінің командалары қатысуда.

Балуандар алты салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Дәлірек айтсақ, жарысқа қатысатын 50-ге жуық спортшы 66,74, 82, 90, 100, +100 келі салмақтарында өзара мықтыны анықтайтын болады. Арасында қазақ күресінен Әлем чемпиондары да бар.

Осы орайда, басқарма басшылығы Өскемен қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын байрақты бәсекенің куәсі болуға шақыруда. Екі күнге созылатын жарыс белдесулерін облыс орталығындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Жекпе-жек сарайына барып, тамашалауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив